Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір компонентті "Спутник Лайт" вакцинасы Қазақстанда ресми түрде тіркелді

Опубликовано:

Спутник Лайт
Фото: Anton Novoderezhkin\TASS via Getty Images

Ресейлік бір компонентті "Спутник Лайт" вакцинасы Қазақстанда ресми түрде тіркелді.

"Ресейдің тікелей инвестициялар қоры Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы бір компонентті ресейлік "Спутник Лайт" вакцинасын тіркегендігі туралы хабарлайды", – деп жазады РИА Новости Ресейдің тікелей инвестициялар қорына сілтеме жасап.

Бұл вакцинаның тиімділігі салдырғаннан кейінгі 28-ші күннен бастап 79,4% құрайды.

Оның тиімділігі жаппай вакцинациялау бағдарламасы аясында вакцинаның бір компонентін алған және 2020 жылғы 5 желтоқсан мен 2021 жылғы 15 сәуір аралығында қандай да бір себептермен екінші компонентті алмаған ресейліктердің деректері негізінде есептелген.

"Спутник V" вакцинасы Қазақстанда қазірдің өзінде коронавирус инфекциясының алдын алу үшін сәтті қолданылуда. "Спутник Лайт" препаратының тіркелуі елді коронавирусқа қарсы тиімділігі жоғары әрі қауіпсіз тағы бір вакцинамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бір компонентті "Спутник Лайт" вакцинасы халықты вакцинациялау мерзімін қысқартуға және ұжымдық иммунитетті тез арада қалыптастыруға септігін тигізбек", – дейді қор жетекшісі Кирилл Дмитриев.

Айта кетсек, бүгінгі күнге дейін елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 4 705 675 адам, 2-ші компонентін 2 597 505 адам салдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922624-bir-komponentti-sputnik-lait-vakcinasy-qazaqstanda-resmi-turde-tirkeldi/

pixel