RU

Қазақстандықтар Pfizer вакцинасын қашан салдыра алады: ДСМ жауабы

Pfizer
Pfizer : pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі ресми сайтында Pfizer компаниясымен 2021 жылдың 4-тоқсанында вакцина жеткізуге алдын ала келісім жасалғанын хабарлады.

"2021 жылдың наурызынан бастап Pfizer компаниясының өкілдерімен Сovid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізу мүмкіндігі туралы келіссөздер рәсімдері басталды. Министрлік пен Pfizer компаниясының арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде құпиялылық туралы келісімге қол қойылды", - деп атап өтті ведомствода.

Министрлік мәміленің негізгі шарттары туралы келісімдердің талаптарын оңтайландыру бойынша Pfizer компаниясымен тұрақты негізде келіссөздер жүргізіп жатқанын алға тартты. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейінде кеңес өткізілген екен.

Сонымен қатар, Pfizer компаниясы вакцинаны жеткізу туралы келісім жасау үшін Қазақстан Республикасы президентінің Жарлығын қабылдау қажеттігі туралы хабарлады.

Еске салсақ, бұған дейін ресейлік бір компонентті "Спутник Лайт" вакцинасы Қазақстанда ресми түрде тіркелгенін жазған едік.

Бұл вакцинаның тиімділігі салдырғаннан кейінгі 28-ші күннен бастап 79,4% құрайды.

Оның тиімділігі жаппай вакцинациялау бағдарламасы аясында вакцинаның бір компонентін алған және 2020 жылғы 5 желтоқсан мен 2021 жылғы 15 сәуір аралығында қандай да бір себептермен екінші компонентті алмаған ресейліктердің деректері негізінде есептелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922644-elimiz-pfizer-kompaniyasymen-vakcina-zetkizu-boiynsa-aldyn-ala-kelisim-zasasty/