Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қырық күн қайталаймын": Шымкенттік бойжеткен тезірек күйеуге шығу үшін не істейтінін айтты

Опубликовано:

қалыңдық11
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкенттік бойжеткен тезірек тұрмысқа шығудың амалын тапты. Өзін Арай деп таныстырған ару елге танымал балгердің айтуы бойынша өзінің болашақ жарын асыға күтіп жүр. Талай жігітпен танысып, әлі күнге дейін өз бақытын жолықтыра алмаған Арайға балгердің айтқанына құлақ асуға тура келген. Себебі, оңтүстікте, әсіресе, Шымкентте жиырмадан асқан қыздың тұрмыс құрмауы көпшілікті алаңдатады. Осыған орай, бойжеткен тезірек келін атану үшін қандай амал жасап жүргенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әрине, әр қыз бала өзінің үйіне баруды, өзінің адамына жолығуды армандайды. Ал оңтүстікте мұндай мәселеге қалай қарайтынын өздеріңіз білесіздер. Көпбалалы отбасымыз. Менен өзге әпке-сіңлілерім өз бақытын тауып кеткен соң, менің дәл бұлай жүріп қалғаным анамның жанына батып жүр. Жасым 24-ке келді. Үйде ұзақ отырғаным бәрінің көңіліне тиген соң, амал жоқ бақсы-балгерлерге барып, жол аштыуға тура келді", - дейді Арай.

Арай бірнеше балгердің алдына барып көрген. Көпшілігі оған жолың жабық, тұрмысқа шықпау үшін сыртыңнан белгісіз біреулер оқытқанын айтады. Алайда, кісі баласына жазығы жоқ Арай мұндай сөздерге сенбепті.

"Бәрі сыртыңнан оқытылғансың дейді. Мен тап солай оқытып тастайтындай ешкімнің жолын кесіп, біреудің жігітін тартып алған жоқпын. Сондықтан, мұндайларға көп сене бермедім. Мүмкін, бақытым әлі іздеп жүрген шығар мені. Тек бір танымал емшінің айтқаны көңілге қонды. Ол жолыңды ашу үшін қырық күн бойы көшеге азын-аулақ тиын тастап жүру керектігін айтты.

Оның сөзіншен, қырық күннен соң мен болашақ жарыммен кездесуім мүмкін екен. Балгерлер айтқанының ішіндегі ең оңайы осы болған соң, күнде тиын-тебен лақтырамын. Оның пайдасы бола ма, жоқ па, белгісіз. Бірақ сүйіктім жолығып қалады деп ойлаймын. Өйткені, тиын тастаған күннен бастап өмірімде жігіттер пайда бола бастады. Маған көңілін білдіріп жүргендер де бар қазір. Бұған дейін жеке өмірімде мүлгіген тыныштық орнап еді. Не де болса, осы әдістің көмегі болып қалар", - дейді Арай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922655-qyryq-kun-qaitalaimyn-symkenttik-boizetken-tezirek-kuieuge-sygu-usin-ne-isteitinin-aitty/

pixel