Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германиядағы су тасқыны: Мыңдаған адам із-түзсіз жоғалып, 58 адам көз жұмды (фото, видео)

Опубликовано:

Германиядағы тасқын
Фото: rian_ru

Германия билігі Арвайлер округінде болған су тасқынынан мыңдаған адам жоғалып, ондаған адам көз жұмғанын хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін қатты дауыл салдарынан Германияның оңтүстік-батыс бөлігіндегі кейбір аудандарда су тасқыны басталғандығы хабарланған болатын. Ең көп зардап шеккен аймақ - Арвайлер округі.

Қазіргі уақытта кем дегенде 58 адам көз жұмды, деп хабарлайды SWR.

Бад-Нойенар-Арвайлер аймағында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Құтқару жұмыстарына он тікұшақ жұмылдырылған.

Округтің ресми сайтының мәліметінше, шамамен 1300-ге жуық адам жоғалып кеткен.

"Бад-Нойенар-Арвайлер қаласының бір ғана ауданында 1000-нан аса құтқару жұмыстары жүргізілді. Құтқару жұмыстары әлі жалғасуда", - деп жазды округтің ресми сайты.

АҚШ президенті Джо Байден су тасқыны кезінде жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.

"Біз жақындарын жоғалтқан отбасылардың қайғыларына ортақпыз", - делінген оның хабарламасында.

Айта кетсек, Арвайлер - Германиядағы округ, Рейнланд-Пфальц федералдық аймақтың құрамына кіреді.

Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстанның ауылдық аймақтарында сел жүріп өткенін жазған едік.

Салдарынан алты адам көз жұмып, тасқынға тап болған тағы екі бала іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Көз жұмған алты адамның бір отбасынан екені анықталып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1922674-germaniyadagy-su-tasqyny-myndagan-adam-iz-tuzsiz-zogalyp-58-adam-koz-zumdy-foto-video/

pixel