Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Айтпаеваның өліміне күдіктінің неден көз жұмғаны айтылды

Опубликовано:

аурухана төсегі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандық Әсел Айтпаеваның өліміне күдікті грузиялық Бесик Тордуа алдын ала болжам бойынша ми инфарктісінен қайтыс болуы мүмкін. Бұл туралы Грузияның Арнайы пенитенциарлық қызметі мәлім етті деп жазады Sputnik Грузия.

Басылымның мәліметінше, пенитенциарлық мекемеге 2021 жылы 28 мамырда түскен кезде айыпталушы медициналық тексеруден өтіп, оған артериялық гипертензия диагнозы қойылған.

Осыған байланысты ол үнемі медицина қызметкерлерінің бақылауында болған.

2021 жылыдң 30 маусымында Тордуа басының қатты ауырып тұрғанын, есінен танғанын айтып дәрігерге жүгінген. Оның сөйлеу қабілеті бұзылып, қан қысымы көтерілген.

Бесик Тордуа миының қан айналымы бұзылған болуы мүмкін деген күдікпен жедел жәрдем көлігімен азаматтық емханаға жеткізілген.

Компьютерлік томография мен неврологтың қабылдауынан кейін оған алдын ала мидың инфарктісі диагнозы қойылған.

"Ауыр жағдайына байланысты айыпталушы жансақтау бөліміне жатқызылды, ем қабылдап, бақылауда болды. Нейрохирургтың тексерісінен кейін жедел хирургиялық көмек қажеттілігі туындады. Отадан кейін науқастың жалпы жағдайы ауыр болып, гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақсыз болды", - делінген пенитенциарлық қызметтің хабарламасында.

Емдеуге қарамастан пациенттің жағдайы нашарлап, 2021 жылдың 14 шілдесінде жүрек соғысының бұзылуы тіркеліп, көп ұзамай күдіктінің жүрегі тоқтап қалған.

"Жүрек-өкпе реанимациясы толықтай хаттамаға сәйкес басталды, бірақ жүректің механикалық қызметі қалпына келмеді. Биологиялық өлім тіркелді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаеваны зорлап, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген деген күдіктінің қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922696-asel-aitpaevanyn-olimine-kudiktinin-neden-koz-zumgany-aityldy/

pixel