Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досын "багажникке" салып, туған күнге бармақ болған жігіттердің басы дауға қалды (видео)

Опубликовано:

Полицейлер
Көрнекі сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны досын жүксалғышқа салып алғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды елорданың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, түнгі он екіде белгісіз біреулер ер адамды көлік жүксалғышына салып, белгісіз бағытқа қарай беттеген.

Оқиға туралы хабарлаған куәгер болған жайтты видеоға түсіріп алып, көлік нөмірі мен маркасы туралы ақпарат жіберген.

Елордалық полицейлер бірден әрекетке көшіп, көлікті тез арада тауып алған. Жас жігіттер полиция бөлімшесіне жеткізіліп, мән-жай анықталған.

"Ұсталған көлік иесі құжаттары болмаса да, рөлге отырған. Оның айтуынша, бес досымен бірге тағы бір досын туған күнімен құттықтауға бара жатқан. Көлік салонында орын болмағандықтан, олардың бірі діттеген жерге жүксалғышқа отырып, жетпек болған", - дейді полициядан.

Жүксалғыштағы жігіт те көлік жүргізушісінің сөзін растап отыр.

Құқық қорғау қызметкерлері жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

"Жүргізішуге қатысты екі әкімшілік, бірі - "Көлік құралын құжаттары жоқ және көлік жүргізуге құқығы жоқ тұлғаның жүргізуіне" қатысты 612-баб бойынша, екіншісі - "Жолаушыларды тасымалдау кезіндегі талаптарды орындамауға" қатысты 593-бап бойынша хаттама толтырылды. Ал заң бұзушының көлігі айыппұл тұрағына жеткізілді", - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922709-dosyn-bagaznikke-salyp-tugan-kunge-barmaq-bolgan-zigitterdin-basy-dauga-qaldy-video/

pixel