Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Массаж жасаған": Қонақүйде ер адамнан ірі көлемде ақша бопсалаған әйел ұсталды

Опубликовано:

Кадр
Фото: polisia.kz

Түркістан қаласында қонақүйде ер адамды бопсалаған әйел ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.

Жас жігіттің сөзінше, облыс орталығындағы қонақүйдің бірінде өзіне массаж жасаған әйел қоқан-лоққы көрсетіпті. Яғни жала жауып, 500 мың теңге талап еткен.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 194-бабы 1-бөлігімен ("Қорқытып алу") тіркеуге алынған.

Осыдан кейін түркістандық тәртіп сақшылар жедел әрекетке көшкен.

Нәтижесінде келесі күні аталған қонақүйде массаж жасаушы әйел арызданушы жас жігіттен ақша алып жатқан жерінде ұсталған. Оқиға орнынан айғақ зат ретінде 200 000 теңге тәркіленген.

Күдікке ілінген әйел жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері әйелдің басқа да істерге қатысы бар-жоғын анықтауда.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Атырау облысында таксистерді қорқытып, ақша бопсалаған діни ағым өкілдері ұсталғанын жазған едік.

Арнайы операцияны 5 шілде күні ҰҚК-ның Атырау облысы бойынша департаменті прокуратура және облыстық полиция департаментімен бірлесіп өткізген.

ҰҚК мәліметінше, топ мүшелері ұзақ уақыт бойы Атырау-Орал тас жолында қатынайтын такси жүргізушілерінен, оның ішінде күш қолданамыз деп қорқытып, ақшалай қаражат бопсалаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922710-qonaquige-massaz-zasauga-kelgen-aiel-er-adamnan-iri-kolemde-aqsa-bopsalagan/

pixel