RU

Есірткі, пара, заңсыз ұстау: Алматы облысында бұрынғы 5 полицей сотталды

Түрме11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты бірнеше қылмысқа кінәлі деп танылған бұрынғы 5 полицейге үкім шығарды.

Бұрынғы полицейлерге мынадай айып тағылған:

  • лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындағаны, қайта өңдегені, сатып алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны үшін (Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1, 4 тармақтары);
  • адамдар тобымен алдын ала сөз байласуы арқылы бопсалаушылық жолмен бірнеше рет пара алғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 1, 2, 4-тармақтарымен);
  • лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 361-бабы 1-бөлігі);
  • заңсыз ұстағаны, күзетпен қамауға алғаны немесе күзетпен ұстағаны үшін (Қылмыстық кодекстің 414-бабының 1-бөлігі);
  • қызмет бабын пайдалана отырып жасалған алаяқтық әрекеттер (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-тармағы 3-бөлігі) үшін айыптар тағылған.

Сот айыпталушыларды тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танып, қылмыстық құқықбұзушылық жиынтығы негізінде 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Олардың біріне 4 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы берілді.

Сондай-ақ сотталушылардың аппеляциялық шағым түсіргені хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922722-esirtki-para-zansyz-ustau-almaty-oblysynda-buryngy-5-policei-sottaldy/