RU

Шымкенттіктерді таңғалдырған ресейлік кондитер тағы бір ерекше "туындысын" көрсетті (фото)

Фото
Фото: Instagram/renat_agzamov

Танымал ресейлік кондитер Ренат Ағзамов ерекше безендірілген торт әзірлеп, тағы да көпті таң қалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ренат Ағзамов кезекті туындысымен өзінің Instagram желіcіндегі парақшасында бөлісті.

"Кондитер" жобасының қатысушылары Дмитрий Красиловты сумошы кейпінде бейнеледік. Тортты осылай безендіріп қойдық. Көргендеріңіздей мұның бәрі торт. Сол себепті тәттілер әлеміне қош келдіңіздер", - деп жазба қалдырған ол.

Белгілі болғандай бүгінде кондитер ресейлік танымал аспаздар жобасына қатысып жатыр екен.

Желі қолданушылары кондитердің кезекті туындысына таң қалғандарын жасырмай, желіде түрлі пікірлерін жаудырып жатыр.

"Керемет безендіру, қолыңыз дерт көрмесін", "Осындай да өнерлі адамдар болады екен, жарайсыз", "Не деген ғажап туынды, дәмі де тіл үйірерліктей тәтті шығар", "Өте әдемі, сізден бұдан да басқа, ғажап туындыларды күтеміз", "Мына торттың дәмін татқан да, татпаған да арманда сияқты ғой" , "Керемет, мультфильмдегі кейіпкерлерден айнымайды", "Қолыңыздар бәрі келеді екен, өте әдемі, ал дәмі қандай десеңізші" деп жазды желі қолданушылары.

Естеріңізде болса, бұған дейін Ренат Ағзамов шымкенттік олигархқа құны 179 мың долларлық торт жасап, көптің таң қалдырған болатын. Елді әсемдігімен таңырқатқан алып торттың салмағы 2 тонна, диаметрі 3 метр, ал биіктігі 4,2 метр болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922734-symkenttikterdi-tangaldyrgan-reseilik-konditer-tagy-bir-erekse-tuyndysyn-korsetti-foto/