Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күрделі спорттық трюктер жасайтын 10 жастағы қазақ баласы елді тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Әли Досман
Фото: instagram.com/p/CP4ax7hAqPv/

Алматы облысы Шамалған елді мекенінде тұратын 10 жастағы Әли есімді мектеп оқушысы желіде жұлдыз болды. Денесі шымыр, спортпен айналысатын балақайдың түрлі трюктер жасаған видеолары әлеуметтік желі пабликтерінде жарыса жарияланып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Күрделі спорттық трюктер жасайтын Әли Досман әлеуметтік желіде танымал болды. Шамалған көпірінің баспалдақтарына екі қолының көмегімен шыққан баланың физикалық дайындығы талай ересектерді шаң қаптыратынын байқауға болады.

Бес жасынан бастап спортпен айналыса бастаған балақай кумирі Джеки Чан секілді епті әрі мықты болғысы келетінін айтқан.

Отандық бағдарламалардың эфирінен соң жұлдызға айналған Әли жуырда Қазақстан Республикасының "Жас Сарбаз" республикалық әскери-патриоттық мектебіне тәлімгер ретінде қабылданған. Кішкентай болса да, сөйлеу әдебімен, сыпайлығымен көзге түскен бала болашақта спорт саласында үлкен жетістіктерде жетуді армандайтынын айтады.

Баланың қайсарлығы мен талабына сүйсінген желі қолданушылары оған жылы лебіздерін аямайды. Оның болашағынан зор үміт күтетінін айтатын тілектес жандар оған "қазақтың кішкентайы Қажымұқаны" деп баға беруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922750-kurdeli-sporttyq-tryukter-zasaityn-10-zastagy-qazaq-balasy-eldi-tanti-etti-video/

pixel