Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беларусь футболшысы "Атырауға" ауысқанын жариялау үшін "Боратты" пайдаланған

Опубликовано:

Владимир Медведь
Владимир Медведь. Фото: instagram.com/medved__v

21 жастағы беларусьтік футболшы Владимир Медведь "Атырау" футбол клубына ауысып келді. Жас жартылай қорғаушы өзінің Instagram парақшасында Борат қатысқан видеоны қолданып, өзінің жаңа клубқа ауысқанын жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы D Karmyssov YouTube арнасына сілтеме жасап.

Футболшы видеоны тез арада өшіріп тастады, бірақ қолданушылардың бірі видеоны көшіріп үлгерген.

Осыдан кейін Медведь ешкімді ренжіткісі келмейтінін жазып, видеодағы адамдарды білмейтінін және олардың қатысуымен түсірілген фильмдері көрмегенін айтты.

Скриншот
Фото: instagram.com/medved__v

Жартылай қорғаушы өзінің кәсіби мансабын Беларусь чемпионатында "Нафтан", "Динамо" (Брест), "Слуцк" командаларында бастады. Содан кейін ол Ресейдің "Ростов", "Крылья Советов", "Ротор" командаларының жастар құрамаларында ойнады. Соңғы маусымда ол үш рет "Ротордың" негізгі құрамында өнер көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан футболы премьер лигасында 19 турдан кейін "Атырау" 25 ұпаймен 7-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922755-belarus-futbolsysy-atyrauga-auysqanyn-zariyalau-usin-boratty-paidalangan/

pixel