RU

Елімізде қанша адам вакцинадан кейін коронавирус жұқтырды

екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі вакцина салдырғаннан кейін коронавирус жұқтырғандардың статистикасын жариялады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Вакцинадан кейін барлығы 3 165 адам індетке шалдықты. Оның ішінде бірінші компоненттен кейін 1684 науқас, екінші компоненттен кейін 1481 адам вирус жұқтырды", - деді ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова.

Ол вакциналар бойынша ауырғандар санын нақтылады:

  • "Спутник V" – 2791 адам;
  • QazVac –  59 адам;
  • Hayat-Vax –  293 адам;
  • Coronavac – 18 адам.

"Бүгінде елде 4,8 миллионға жуық адам вакцина салдырса, соның тек 0,06 проценті ғана вирус жұқтырып отыр. Яғни вакциадан кейін ауырғандар саны өте төмен, бұл вакцинацияның тиімділігін дәлелдейді", - деді ол.

Осыдан бір апта бұрын денсаулық сақтау министрлігі вакцинадан кейін 2 212 адам COVID-19-ға шалдыққанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922809-elimizde-qansa-adam-vakcinadan-keiin-koronavirus-zuqtyrdy/