Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ЕҚТ енгізу мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіледі

Опубликовано:

1
Фото: "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ баспасөз қызметі

2021 жылдың 2 тамызынан басталатын қоғамдық тыңдауларда ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтардың жобалары талқыланады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ-на сілтеме жасап.

Атап айтқанда, ведомствоның ақпараты бойынша, 2021 жылдың 2 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында ЕҚТ бойынша анықтамалықтар жобаларының қоғамдық тыңдаулары өткізіледі:

1) Энергия өндіру мақсатында ірі қондырғыларда отын жағу;

2) Мұнай мен газды қайта өңдеу;

3) Бейорганикалық химиялық заттар өндірісі;

4) Цемент пен әк өндірісі.

Қоғамдық тыңдаулардың материалдары https://www.igtipc.org/ru/ сайтында орналастырылады.

Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ жауапты болып табылады. Сұрақтарыңыз бар болса +7 7172 793241 (Хадиша Ержанқызы) нөмірі бойынша немесе kh.annatoly@igtipc.org электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басында Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындар үшін ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтар әзірлеу туралы жариялды. Анықтамалар ең үздік қол жетімді техникаларды қолдана отырып, зиянды заттардың шығарындыларының азайтуға мүмкіндік беретін нормативтік құжат болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922817-qazaqstanda-eqt-engizu-maseleleri-boiynsa-qogamdyq-tyndaular-otkiziledi/

pixel