Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы көпірдің қақ ортасында болған төбелес видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

1
Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Видеодан Қабанбай батыр даңғылы бойындағы көпірде болған жаппай төбелес сәтін көруге болады. Жүргізушілер мен жолаушылар жолдың дәл ортасына тоқтап, төбелесті деп Sputnik Қазақстан.

Оқиға 15 шілде күні сағат 16: 36-да болған. Оқиға орнына барған патрульдік полиция қызметкерлері азаматтарды ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

Бұл бақылау камераларына түсіп қалған.

Төбелесті 25, 29 және 32 жастағы ер адамдар бастаған. Жас жігіттер "Азия парк" сауда ойын-сауық орталығының автотұрағында жол бөлісе алмай қалғаны анықталды. Бұл жанжал көпірдегі төбелеске жалғасқан.

Аталған факт бойынша "Бұзақылық" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Төбелес шығарғандарға бес мың АЕК-ке дейінгі айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза кесілуі мүмкін.

Сонымен қатар көлік құралдарының жүруіне әдейі кедергі жасағаны үшін жол ережесін бұзушылар әкімшілік кодекстің 614-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке де тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922830-nur-sultandagy-kopirdin-qaq-ortasynda-bolgan-tobeles-videoga-tusip-qaldy/

pixel