Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда прокурор пара алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Жемқорлық
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Солтүстік Қазақстан облысында күдіктіден жазасын жеңілдету үшін пара алды деген мемлекеттік айыптаушы күдікке ілікті деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Петропавл қалалық прокуратурасының бөлім бастығы Дәурен Сағындықов алаяқтық жасап, ақша бопсалағаны үшін түрмеге түскен Никитиннен істі оңтайлы шешіп беремін деп қомақты қаражат талап еткен. Прокурордың бұл ісі тәртіптік комиссияның отырысында қаралып, ол әдеп кодексін бұзуына байланысты жұмысынан босатылды. Ал Никитин осы күнге дейін екеу арасында болған әңгімені жазып алып, оны әлеуметтік желілелерде жариялап отырған.

"Никитин пара берді деген айыптан, мынау біздің қызметкерге пара алу деген айыптан іс қозғалып, қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысында кімнің кінәлі екенін, қандай мән-жайлар бар екені анықталып, оған заңды шешім қабылданатын болады.

Сағындықовты біз процессуалды емес байланыс бойынша ол мемлекеттік айыпталушы бола сотталып жатқан азаматпен бірге жүріп, сөйлесіп, сол факті бойынша біз оны жұмыстан босаттық. Және де мынау "Младшый советник юстициий" деген шенінен айырылатын болады", – деді СҚО прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттар.

Еске салсақ, "Қазақстан темiр жолы" АҚ бөлімшелерінің бірінің жоғары лауазымды қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жалпы 5 млн теңгеден астам қаражат алынғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922849-petropavlda-prokuror-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/

pixel