Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес камераға түсіп қалды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: Нұр-Сұлтан қаласы ПД

17 шілдеге қараған түні Нұр-Сұлтанда тура көлік жолының бойында кезекті төбелес орын алды. Оқиғаның егжей-тегжейін астаналық полиция департаментінің баспасөз қызметі айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлардан алдымен екі адамның арасында жанжал туындағанын көруге болады, содан кейін оларға тағы бірнеше адам қосылады.

Нұр-Сұлтан полиция бөлімі 16 шілдеден 17 шілдеге қараған түні Республика даңғылымен келе жатқан екі жүргізуші жолды "бөлісе алмағанын" хабарлады.

Жолдың тура ортасында тоқтаған жүргізушілер өзара сөйлесе бастаған. Нәтижесінде сөзге келген екі азаматтың ортасындағы кикілжің жолаушыларының қатысуымен болған төбелеске ұласты.

Оқиға орнынан жанжалға қатысушылар қосымша тергеу жүргізу үшін полицияға жеткізілді.

Аталған факт бойынша Сарыарқа ауданының полиция бөлімі қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғады. Дене жарақаттарының болуына сараптама тағайындалды. Көліктер арнайы автотұраққа қойылды.

Сонымен қатар, көлік құралдарының жүруіне әдейі кедергі келтіргені үшін ереже бұзушылар әкімшілік кодексінің 614-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1922868-nur-sultanda-zappai-tobeles-kameraga-tusip-qaldy/

pixel