Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айтыскер ақын Ханша Раисова дүниеден өтті

Опубликовано:

Ханша Раисова
Ханша Раисова. Видеодағы кадр: oskementv.kz

Республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін жүлдегері, Алматы облысының құрметті азаматы Ханша Раисова дүниеден өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты, ақындар мектебінің ұстазы Ханша Мұсабайқызы 1956 жылы 5 қазанда Алматы облысы Қапал ауданы Қоңыр ауылында дүниеге келген.

1989 жылдан бастап әртүрлі деңгейдегі жыр сайыстарына қатыса бастады.

"Қазақ тілі" қоғамы ұйымдастырған республикалық айтыста бас жүлде (1990), Абайдың 150 жылдығына арналған халықаралық айтыста ІІІ орын (1995) иеленген.

ҚХР-да, Ресейде, Өзбекстанда, сондай ақ облыс ауқымында өткен айтыстарда бірнеше рет арнаулы жүлдеге ие болды.

Еске сала кетейік, Ханша Раисованың 1995 жылғы Қытайға барған сапары өнердегі жұлдызды сәттерінің бірі болды.

Ақын сол өнер сапарында Қытайдың Құлжа қаласында Қытай қазақтарының арасынан шыққан танымал айтыскер ақын Құрманбек Зейтінғазыұлымен сахнада кездесіп, өнер салыстырып, сөз сынасады.

Бұл айтыс сол жақтағы қандастарымыздың ортасында "Құрманбек пен Ханшаның" айтысы аталып, ерекше әсермен ел есінде қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922871-aitysker-aqyn-xansa-raisova-dunieden-otti/

pixel