Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жағдай ушығып жатыр: Қазақстанда "жасыл" аймақта бір де бір өңір қалған жоқ

Опубликовано:

індет11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, елімізде "жасыл" аймақта бір де бір өңір қалған жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

18 шілдедегі жағдай бойынша, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Павлодар облысы және Солтүстік Қазақстан облысы тұр.

"Сары" аймақта Алматы облысы, Жамбыл облысы, Түркістан облысы, Шығыс Қазақстан облысы орналасқан.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 5493 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 488 905-ке жетіп отыр.

Еске салайық, осыған дейін Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауырып жатқандардың көбеюіне байланысты қосымша екі стационар инфекциялық аурухана ретінде өзгертілгенін жазған едік.

Одан бөлек, Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге өскенін де хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922896-zagdai-usygyp-zatyr-qazaqstanda-zasyl-aimaqta-bir-de-bir-onir-qalgan-zoq/

pixel