Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакцина салу міндеттелді

Опубликовано:

Вакцина
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы арнайы республикалық комиссия бірқатар санаттағы азаматтарға вакцина алуды міндеттеу жөнінде шешім шығарды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы" туралы заңға сәйкес, Өзбекстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері қоғам үшін қауіпті инфекциялық жәнпе паразитарлық аурулар пайда болып, елде тараған жағдайда санитарлық және эпидемияға қарсы тиісті шараларды жүргізу жөнінде шешім қабылдауға құқылы.

"Аталмыш заңның 30-бабында эпидемияға қарсы санитарлық-гигиеналық шаралар өткізу және аурудың алдын алатын екпе салу секілді іс-қимыл кешені қарастырылған. Осыны ескере келе Өзбекстанның бас санитар дәрігері, санитарлық-эпидемиологиялық игілік және қоғам денсаулығы қызметінің бастығы Баходир Юсупалиев коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды міндеттеу жөнінде шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қабылданған шешімге сәйкес 18 жастан асқан белгілі бір санатқа жататын азаматтар үш дозалы екпені салдыруға міндетті.

Аталған азаматтар 1 қыркүйекке дейін - вакцинаның бірінші компонентін, 1 қазанға дейін - екінші, ал 1 қарашаға дейін - үшінші компонентін ектіруге тиіс

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922913-ozbekstanda-koronavirusqa-qarsy-vakcina-salu-mindetteldi/

pixel