Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің тағы бір өңірінде карантин талаптары күшейтілді

Опубликовано:

Адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер күшейтіледі. Тиісті қаулы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

Бірнеше сағат бұрын Қазақстанның барлық өңірі коронавирустың таралу қарқыны бойынша "жасыл" аймақтан шыққаны белгілі болды.

Осы ретте Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Қанат Тұрдиев жаңа қаулыға қол қойды. Құжатта 21 шілде мен 3 тамыз аралығында карантиндік шектеулер ұзартылатыны, сондай-ақ бірнеше жаңа шектеу енгізілетіні айтылған.

"Шектеу шараларының режимі мен уақыты облыста COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін", - делінген құжатта.

Сонымен, қаулыға сәйкес коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған жұмысшылардың жұмысқа шығуына шектеу қойылады. Оларды тек ПТР тестінің теріс нәтижесімен ғана жұмысқа шығарады.

Сонымен бірге азаматтарды қабылдау, мемлекеттік қызметкерлер мен басқа да ұйымдардың қызметкерлері үшін жиналыс, семинарлар өткізуге шектеу қойылған.

Облыс тұрғындары көшелерде, саябақтар мен басқа да қоғамдық орындарда жүре алады. Алайда олар әлеуметтік арақашықтықты сақтап, маска тағуға міндетті. Ереженің сақталуын полицейлер бақылайтын болады.

Қаулы 21 шілдеден бастап күшіне енеді және ресми түрде алып тастағанша күшінде болады.

Құжат мәтінімен толық осы сілтемеге өту арқылы танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922922-elimizdin-tagy-bir-onirinde-karantin-talaptar-kuseitildi/

pixel