Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы күрес бойынша кеңес өткізеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға премьер-министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысады.

Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің есебін тыңдайды.

Кеңес барысында өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимыл жоспары қабылданбақ.

Еске салайық, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев төрт күнге еңбек демалысына кеткенін жазған едік.

”Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр. Президент елордаға сенбі күні оралады”, - деп жазған еді президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922959-bugin-memleket-bassysy-koronavirusqa-qarsy-kures-boiynsa-kenes-otkizedi/

pixel