Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Еліміздің тағы бір өңірі "қызыл" аймаққа өтті

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Алматы облысы "сары" аймақтан "қызылға" өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

19 шілдедегі жағдай бойынша, Алматы облысынан бөлек "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

"Сары" аймақта Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

Қазақстанда өткен тәулікте 5317 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, елімізде қауіпті дертпен ауырғандар саны 494222-ге жетті.

Еске салайық, осыған дейін Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауырып жатқандардың көбеюіне байланысты қосымша екі стационар инфекциялық аурухана ретінде өзгертілгенін жазған едік.

Одан бөлек, Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге өскенін де хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922973-koronavirus-elimizdin-tagy-bir-oniri-qyzyl-aimaqqa-otti/

pixel