Ақтауда 21 жастағы бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті

Опубликовано:

Бойжеткен
Фото: "Лада"

Өзбекстаннан Ақтауға көшіп келген бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті деп хабарлайды "Лада".

Өзбекстаннан Ақтауға көшіп келгеніне екі-ақ күн болған 21 жастағы Сабина Темірова есімді бойжеткен із-түзсіз жоғалып кеткен. Ол қаланы жақсы білмейді екен.

Сабинаның анасы олардың Ақтауға тұрақты тұруға көшіп келгендерін түсіндірді. Олар қалаға 15 шілдеде келген. 17 шілдеде кешкі сағат 18:30 шамасында бойжеткен үйден шығып, қайтып оралмаған.
Бойжеткен
Бойжеткен жоғалған күні осындай киімде болған. Фото: "Лада"

18 шілдеге қараған түні Сабинаның анасы полицияға жүгінуге шешім қабылдап, таңғы уақытта арыз жазады.

Бойжеткен қара блузка, оюлы белдемше, туфли киген. Қолында қызғылт сөмкесі, сол жақ қолында алқасы бар. Бойжеткен өзімен бірге ұялы телефонын алып кетпеген. Анасының телефон нөмірі: 8 778 314-23-47 (Манзура).

Еске салсақ, бұған дейін туыстары бір жылдан аса іздеген өзбекстандық әйел Алматыдан табылғаны туралы жазған едік.

Құқық қорғау органдары шетелдік азаматшаның жоғалып кетуі туралы Сыртқы істер министрлігі тарапынан ешқандай ресми мәлімдеме болмағанын, соған қарамастан полиция әйелді тапқанын атап өтті.

Одан бөлек, Токио Олимпиадасына келген 20 жастағы спортшы із-түзсіз жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз. 20 жастағы ауыр атлеттің қалай жоғалып кеткені белгісіз.

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарына 23 шілде күні басталады. Төртжылдық додасы 9 тамыз күні мәресіне жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923002-aqtauda-21-zastagy-boizetken-iz-tuzsiz-zogalyp-ketti/