Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада балаларға арналған ойын-сауық орталығында жарылыс болды (видео)

Опубликовано:

Жарылыс
Кадр: "Хабар 24"

Қызылорда қаласындағы балаларға арналған ойын-сауық орталықтарының бірінде жарылыс болды деп хабарлайды "Хабар 24".

Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Алайда ғимараттың бірінші қабаты түгел өртеніп кеткен екен.

Жарылыстың қатты болғаны соншалық, жақын маңайдағы бірнеше үйді зақымдаған. Өрт сөндіру жұмыстарына 50-ге жуық құтқарушы мен 12 техника тартылды. Оқыс оқиғаға газ жүйесіндегі ақау себеп болған дейді мамандар.

ТЖД жарылыс 07:19-да болғанын, айналаны шарпыған өрттен бірінші қабаттың 200 шаршы метрі толықтай өртенгенін хабарлап отыр. Өрт 08:15-те сөнідірлді.

Басылым ақпаратына сәйкес, жалыннан ағаш сарай мен 50 шаршы метрлік алаңдағы шатыр қирап, көрші үйдің терезелеріне зақым келген.

Еске салсақ, бұған дейін Талдықорғанда 27 маусым күні снаряд жарылып, үш адам зардап шеккенін жазған едік. Оқиға шаһар маңындағы арматура зауытында болған.

Кейін Талдықорған полициясы арматура зауытында белгісіз снарядтың жарылуына байланысты қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.

Іс бойынша күдікті ретінде кім танылғанын полиция нақтыламады. Алайда, олар қылмыскерді үлкен көлемде айыппұл, түзеу / қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке қамауға алу жазасы күтетінін баса айтты.

Одан бөлек, "Қазмұнайгаздың" Румыниядағы зауытында өрт болып, бір адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1923018-qyzylordada-balalarga-arnalgan-oiyn-sauyq-ortalygynda-zarylys-boldy-video/

pixel