RU

Құрбан айт: Елордада байлаулы тұрған бұқа қашып кетіп, полицейлерді әбігерге салды

Елорда
Видеодан кадр: Instagram/kris.p.astana

Әлеуметтік желіде полиция қызметкерлерінің бұқаның соңынан қуған сәті тарап, көпшіліктің талқысына түсіп жатыр. Ролик авторының сөзінше, оқиға Нұр-Сұлтан қаласында орын алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі kris.p.astana тобында жарық көрді. Кадрдан тәртіп сақшыларының қызметтік көлікпен үй жануарын қуып жүргенін байқау қиын емес.

Бұған қатысты тиісті мекеме түсініктеме берді.

Қазақпарат ұсынған ақпаратқа сәйкес, 18 шілдеде елордадағы Жұбанов көшесінда бұқаның жүгіріп жүргені туралы хабар түскен.

"Полиция қызметкерлері бұқаны жолдың жүретін бөлігінен айдап шықты. Ол апатты жағдай тудырып, жол-көлік қозғалысына кедергі жасаған. Бұқаны полицейлер Иманов көшесіндегі үйдің ауласына байлады", - деді елорданың полиция департаменті.

29 жастағы ер адамның бұқаны Құрбан айтқа алдырғаны анықталды, алайда ол қашып кеткен. Бұқаның иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923021-elordada-qurban-aitqa-bailap-qoigan-buqa-qasyp-ketip-policeilerdi-abigerge-saldy/