Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кеш емес": Павлодар облысында 80 жастағы әжей күйеуге шықты

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: wedday.ru

Павлодар облысында биыл некеге тұрған жұбайлар арасындағы ең үлкен қалыңдықтың жасы белгілі болды. Бұл туралы өңірдегі департамент басшысы Жақан Жәкенов мәлімдеді деп жазады pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Биыл қарым-қатынасын заңмен реттеп, некеге тұрған қалыңдықтардың арасында 80 жастағы әжей кездесті. Ол күйеуге шыққан қалыңдықтардың арасындағы ең үлкені. Ал ең үлкен күйеу жігіт 84 жаста", - деді Жәкенов.

Сондай-ақ, департамент басшысы өңірдегі ең жас келіндерге де тоқталып өтті.

"Ең жас келіндердің жасы 16-да. Өңірдегі үш қыз бала осы жасында күйеуге шығып отыр. Екі күйеу жігіт 17 жаста", - деді ол.

Брифинг барысында АХАТ органдарының Павлодар облысында 1735 некені тіркегені расталды. Сонымен қатар, ажырасушылар саны да анықталды. Жыл басынан бері өңірде 449 жұп ажырасып кеткен.

2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында 4677 нәресте дүниеге келді, олардың 2378 - і ұлдар. Демек, 100 қызға 103 ұл.

- 3741 адам қайтыс болды, қайтыс болғандардың ішінде ерлердің үлес салмағы 51,3% - ды құрады. Өлім себептерінің арасында қан айналымы жүйесі ауруларынан – 22%, тыныс алу органдары ауруларынан – 10,7%, рак ауруынан – 9,5% болатын өлім-жітім басым болып отыр, - деп толықтырды Жақан Жәкенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923025-kes-emes-pavlodar-oblysynda-80-zastagy-azei-kuieuge-syqty/

pixel