Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк сәбіз бен картоп ең қатты қымбаттаған өңірді атады

Опубликовано:

Сәбіз
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында сәбіз бен картоп бағасы ерекше қымбаттаған деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл ақпаратты Ұлттық банк маусым айындағы инфляция көрсеткіштері туралы мәліметінде жария етті.

Қаржы ұйымының сарапшылары азық-түлік тауарларының қымбаттауы тұтыну бағасының индексіне қатты әсер етіп отырғанын айтады. Банктің дерегінше, жаздың бірінші айында жұмыртқаның бағасы 13,9%-ға төмендеген.

"Шығыс Қазақстан облысында азық-түлік тауарларының бағасы 2,3%-ға, Алматы қаласы мен Ақтөбе облысында 2,0%-ға, Түркістан облысында 1,0%-ға өсті.

Шығыс Қазақстан облысында жемістер мен көкеністер бағасы басқа өңірлерге қарағанда жоғарырақ өсті (14,6%), әсіресе сәбіз (144,3%) бен картоп (111,5%), ал Қазақстан бойынша сәбіз 86,3%- ға, ал картоп 40,7%-ға қымбаттады", - деді Ұлттық банк мамандары.

Сонымен қатар сәбіз Ақмола, Павлодар, Атырау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында да екі еседен артық қымбаттады. Картоп бағасы Павлодар, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында жалпы елдегі өсімнен жоғарырақ қарқынмен өскен көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923039-ulttyq-bank-sabiz-ben-kartop-en-qatty-qymbattagan-onirdi-atady/

pixel