Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дикий Арманның" ұсталғаны рас па: Полиция желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

1
Видеодан кадр: instagram.com/astana_typical

Әлеуметтік желіде бірнеше адамнан құралған топтың ұсталған сәтінен видео тарады. Кей ақпаратқа сүйенсек, бейнежазбада бой көрсеткен тұлғалар Нұр-Сұлтан қаласындағы "қылмыс әлемінің серкелері" болуы мүмкін. Бейнероликке қатысты елорда полициясы пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бір топ адамның ұсталғаны бейнеленген видео "Типичная Астана" Instagram парақшасында жарияланды.

Бейнежазба кадрларынан жедел қызметкерлер көңіл көтеру орнынан бірнеше адамды алып шыққанын аңғаруға болады.

"Кей деректерге сәйкес, жедел-іздестіру шаралары барысында Нұр-Сұлтан қаласының полициясы "қылмыс әлемінің серкесі" - "Дикий Арманды", "Алиба Семский" мен олардың орталарындағы тағы бірнеше адамды ұстаған. Бәріңізге белгілі, Арман Жұмагелдиев, яғни, "Дикий Арман" астанаға қонаққа келді. Күтіп алушы жақ - Алиба. Олардың элиталық мейрамханадағы отырысының шырқын арнайы жасақ бұзды. Олардың бәрі профилактикалық әңгіме жүргізу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді", - делінген видео жазбасында..

Бұл жайтқа қатысты KAZ.NUR.KZ сауалына Нұр-Сұлтан полициясы жауап берді.

"Жедел-профилактикалық және рейдік шаралар барысында тәртіп сақшылары көңіл көтеретін орындардың бірінен алты адамды ұстады. Барлық тұлғамен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Полиция департаменті тұрақты негізде қылмыстың алдын алу және оған жол бермеу мақсатында ойын-сауық мекемелерінде жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізеді", - дейді елорда полициясының баспасөз қызметі.

Алайда полиция кімнің құрықталғанын, желіде тараған видеодағы тұлғалардың кім екенін мәлімдеген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923048-dikii-armannyn-ustalgany-ras-pa-policiya-zelide-taragan-videoga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel