Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдай жақсаратын емес": Тоқаев эпидахуалды жақсартудың жұмыс жоспарын дайындауды тапсырды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев11
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының қатысуымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өтіп жатыр. Оның барысында президент елде коронавирус жұқтырғандар санының күрт өскенін айтты деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі Twitter парақшасында.

"Соңғы кезде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артып кетті. Күн сайын 5 мыңнан астам науқас тіркелуде. Бір апта бұрын осы мәселені үкіметтің кеңейтілген отырысында қарастырдық. Сол кезде үкімет ахуалды бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдеген болатын.

Бірақ, өкінішке қарай, жағдай жақсаратын емес. Керісінше, эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Әсіресе, елордадағы жағдай өте күрделі", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы ретте мемлекет басшысы облыстардың басым бөлігі "қызыл" аймақта екенін атап өтті.

"Өңірлердің басым бөлігі "қызыл аймақта". Ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп барады. Ең өкініштісі, азаматтарымыздан айырылып жатырмыз. Сондықтан шұғыл түрде іс-шараларды қолдануымыз керек. Тиісті жұмыс жоспарын дайындап, оны міндетті түрде іске асыруымыз қажет", - дейді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, қазір алда тұрған мақсат - адам өмірін сақтап қалу.

"Біздің ең өзекті мақсатымыз – вирустың таралуын тоқтату емес. Әлемдік тәжірибе мұның мүмкін емес екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923074-azamattarymyzdan-aiyrylyp-zatyrmyz-toqaev-sugyl-sara-qoldanu-kerek-ekenin-aitty/

pixel