Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Пандемия өңір басшылары үшін нағыз сынақ болды

Опубликовано:

Президент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі эпиемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте пандемия өңір басшылары үшін нағыз сынақ болғанын айтты деп хабарлайды Ақорда.

"Бұл сынақты кем дегенде әкімдердің жартысы, ең жақсы дегенде, "үшке" тапсырады. Осындай жағдайда үкіметтің үйлестірушілік рөлі бірнеше есе арта түседі. Бұл жерде сырттан тон пішіп отыратындардың пікірі маңызды емес. Үкімет пен тиісті ведомстволардың үйлестірушілік рөлін күшейту қажет", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгінгі кеңесте президент елде коронавирус жұқтырғандар санының күрт өскенін, облыстардың басым бөлігі "қызыл" аймақта екенін айтқан болатын.

Сондықтан мемлекет басшысы шұғыл түрде іс-шаралар қабылдап, тиісті жұмыс жоспарын дайындап, оны міндетті түрде іске асыру қажет екенін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923101-toqaev-akimderdin-zartysy-pandemiya-synagyn-uske-tapsyrdy/

pixel