Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде ерлі-зайыптылар жалған ПТР тест жасау кезінде ұсталды

Опубликовано:

ПТР тестілеу
Фото: NUR.KZ

Ақтөбеде ерлі-зайыптылар жалған ПТР тест жасау кезінде ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында 2020 жылдың соңында Ақтөбенің 33 жастағы тұрғыны әйелімен алдын ала сөз байласып, медициналық орталықтардың бірінің дәрігерімен жалған ПТР анықтамаларын жасап, сатқанын анықтады.

Күйеуі Ресей Федерациясымен шекарадағы “Жайсаң” шекара бекетінде Ресейге баратын жүк көліктерінің жүргізушілеріне ПТР-тест тапсырғаны туралы анықтама ұсынғаны анықталды.

Жүргізушілердің деректерін жұбайына жіберіп, жұбайы жалған куәліктерді күйеуіне жіберіп отырған. Сотқа дейінгі тергеу барысында көрінеу жалған ПТР тест қолданған 10 азамат куәгер ретінде анықталып, олардан жауап алынды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі (Көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923112-aqtobede-erli-zaiyptylar-zalgan-ptr-test-zasau-kezinde-ustaldy/

pixel