Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда сотталғандарға арналған жатақхана опырылып, екі адам қаза болды (видео)

Опубликовано:

Түрме11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтаудағы ГМ-172/6 мекемесінде сотталғандарға арналған жатақханалардың бірі опырылды деп хабарлайды ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі Telegram-каналында.

Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиға 19 шілде күні шамамен сағат 17.00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) болған.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/6 мекемесінде сотталғандарға арналған жатақханалардың бірінің екі қабатты ғимаратының ішінара құлауы орын алған.

Осы сәтте жатақхана ішінде 10 адам болған, оның 9-ы қауіпсіз жерге шығарылған.

Алған жарақаттарының салдарынан 2 сотталушы қаза болған. Ал қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Толық тексерістен өту үшін зардап шеккендер ауруханаға жіберілген.

Сонымен қатар, тағы бір сотталушыны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

Сондай-ақ, мән-жайынды анықтау үшін құрамында ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров, ҚАЖ комитетінің басшылығы, Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бар комиссия мүшелері оқиға орнына аттанған.

Айта кетейік, аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған және қызметтік тергеу де жүргізілуде.

Жағдай ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.

Сотталғандардың туыстары үшін 8 (7172) 72-30-40 (Нұр-Сұлтан), 8-776-677-80-77 нөмірлері бойынша тәуліктік колл-орталық жұмыс істеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923126-aqtauda-sottalgandarga-arnalgan-zataqxana-opyrylyp-eki-adam-qaza-boldy/

pixel