Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 78 адам қайтыс болды

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі Telegram-каналында бір тәулікте коронавирус пен оның белгілері бар пневмониядан қайтыс болған науқастарға қатысты соңғы мәліметті жария етті.

Оған сәйкес, 18 шілдедегі жағдай бойынша, бір күнде COVID-19 инфекциясынан 65 адам қайтыс болып, 2 038 адам індеттен жазылып шыққан.

Қазір 61 627 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 18 836 пациент стационарда, 42 791 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1 130 адамның жағдайы ауыр, 244 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда, 162 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Ал, COVID-19 инфекциясынан белгілері бар пневмонияға келсек, 18 шілдедегі жағдай бойынша 13 науқас көз жұмған.

Сонымен қатар, аталмыш диагнозбен тағы 25 адам ауруханаға түскен. Сондай-ақ, 13 адам жазылып шыққан.

Айта кетейік, коронавирустың жаңа толқыны ең қауіпті болып отырғанын бұған дейін президент те атап өткен болатын.

"Коронавирустың жаңа толқыны ең жойқын болып отыр. Соңғы күндері жүздеген азаматымыздан айырылып қалдық. Әр өңірде ауруханаға түскен науқастардың саны күрт көбейді. Жансақтау бөлімдерінің барлығы іске қосылды. Қосымша дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық сатып алынды.

Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар! Ал, үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруға тиіс", - дейді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923146-qazaqstanda-bir-taulikte-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-78-adam-qaitys-boldy/

pixel