Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мотоцикл жүргізушісі әйел мен баланы қағып кетті

Опубликовано:

мото11
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда мотоцикл жүргізушісі әйел мен баланы қағып кетті. Салдарынан әйел қайтыс болды деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жол апатының видеосы желіде пайда болған.

"Сәтбаев көшесі бойындағы жаңа алаңда әйелді баласымен бірге мотоцикл қағып кетті", - деп жазылған жазба сипаттамасында.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 19 шілде күні сағат 22:00-де Бостандық ауданында болған.

"DUKE BLACK маркалы мотоциклдің 1962 жылғы жүргізушісі Сәтбаев көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатып, №4 ғимаратқа қарама-қарсы Республика алаңында белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Олар 1976 жылы туған әйел мен 2015 жылы туған кәмелет жасына толмаған бала.

Жол апаты салдарынан жарақат алған әйел мен бала қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді, алайда ауыр жарақаттан әйел сол жерде көз жұмды. Сондай-ақ, жарақат алған мотоцикл жүргізушісі де ауруханаға жеткізілді", - дейді Алматы қалалық полиция департаменті анықтау басқармасының басшысы Олжас Шәріпов.

Оның сөзінше, аталмыш факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрінде тіркелген. Тергеу жұмыстары басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923151-almatyda-motocikl-zurgizusisi-anasy-men-balasyn-qagyp-ketti/

pixel