Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы-2 вокзалынан Маңғыстау мен Семейге қосымша пойыздар қатынайтын болды

Опубликовано:

пойыз11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жаз кезіндегі сұраныстың артуына байланысты Алматы-2 вокзалынан Маңғыстау мен Семейге қосымша пойыздар жүретін болды деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" баспасөз қызметі.

Компанияның мәліметінше, "Алматы-2 – Маңғыстау" бағытындағы №287/288 пойыз 21 шілдеден бастап, "Алматы-2 – Семей" бағытындағы №477/478 пойыз 23 шілдеден бастап аптасына бір рет қатынайды.

Осы орайда "Қазақстан темір жолы" ҰК" жолаушыларға билеттерді BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуді өтініп отыр.

"Қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін "Күту парақшасы" функционалын пайдалануға болады", - дейді компания.

Сонымен қатар, компания карантин режиміне байланысты жолға шыққанда және вокзалдарға кіргенде санитарлық талаптарды ұмытауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923164-almaty-2-vokzalynan-mangystau-men-semeige-qosymsa-poiyzdar-qatynaityn-boldy/

pixel