Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қорықпау керек": Павлодардық музыкант 70 жастағы қарияға ән айтып, гитара шертуді үйретті

Опубликовано:

Сергей Кубинский шәкіртімен
Сергей Кубинский шәкіртімен: жеке мұрағат

Павлодарлық музыкант жетпіс жастағы қарияға да, төрт жасар балақайға да гитарада ойнауды үйретіп жүр деп жазады аймақтағы KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Музыка үйірмесінің жетекшісі Сергей Кубинскийдің гитарамен 17 жасында танысқан. Оған жақындары гитара сыйлаған. Содан соң, ол 2 апта ішінде аспапты ойнауды үйреніп, көше музыканты ретінде жерасты өткелінде өз дағдыларын дамытуға кеткен.

- Екі жыл бойы мен көшеде ән айтып, аспапты өте жақсы игердім. Сол екі жыл ішінде мен үнемі мұғалім іздестіріп жүрдім. Оны бұл қалада табу өте қиын екенін түсіндім. Әуесқой гитаристер үшін қарапайым аула әндерін үйренуге болатын жер жоқ,- деп еске алады Сергей.

Дәл сол кезде ол музыка мектебін ашу идеясын қолға алады. Сергейдің музыкалық білімі жоқ, оның айтуынша, ол көп нәрсені өзі үйренеді. Тек өзіне қажет және маңызды нәрсені алады.

- Қазір бәсекелестер өте көп. Олардың бәрі менен кейін ашыла бастады. Мен жаңадан бастаған кезде бәрі маған бұл іс болмайды, гитара әуесқойлары өте аз деп айтқан. Бірақ мен олардың көп екенін көрсеттім. - дейді Сергей Кубинский.

Ең кішкентай, төрт жасар оқушы синтезаторда ойнайды. Жетпіс жастағы ата да гитарада ойнауды және ән айтуды жақсы үйренді.

Гитарада ойнауды үш айда үйренуге болады.

- Мен балалар мен ересектер үшін өте үлкен орталық ашқым келеді. Онда музыкалық аспаптар, би, модельдеу және тіпті робототехника болғанын армандаймын. Барлығы қолжетімді болса екен деймін. Мүмкін мемлекеттік қолдау болар ма еді, - деді Сергей.

Музыкант жаңадан оқып бастап жаткан гитаристерге көбірек жаттығуға, тәжірибелі адамдардан сұрауға қорықпауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923166-qoryqpau-kerek-pavlodardyq-muzykant-70-zastagy-qariyaga-an-aityp-gitara-sertudi-uiretti/

pixel