Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда түрме жатақханасының опырылуы: Оқиғаға қатысты жаңа мәлімет шықты

Опубликовано:

жатақхана құлады11
Оқиға орнынан фото: Хабар24

Ақтаудағы сотталғандарға арналған жатақхананың құлауынан 11 сотталушы зардап шегіп, оның үшеуі көз жұмған. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі оқиғадан зардап шеккендер туралы мәліметті жаңартты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккен сегіз адамның төртеуі медициналық тексеруден кейін мекемеге қайтарылған және олардың жағдайы жақсы.

Қалған үшеуі орташа деңгейде түрлі жарақат алса, біреуі ауыр хәлде.

Ал көз жұмған сотталғандардың жақын туыстарымен байланыс орнатылып, қажетті көмек көрсетіліп жатқаны белгілі болды.

Аталған фактіден кейін Маңғыстау облысының полиция департаменті ҚР ҚК 278-бабының 3 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Сондай-ақ, арнайы комиссия ҚАЖ мекемесінің аумағындағы барлық ғимараттарға техникалық тексеру жүргізуде.

Жағдай ІІМ басшылығының ерекше бақылауында.

Еске салсақ, 19 шілдеде Ақтаудағы ГМ-172/6 мекемесінде сотталғандарға арналған жатақханалардың бірі құлап, екі адамның көз жұмғаны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923186-aqtauda-sottalgandarga-arnalgan-zataqxananyn-qulauy-oqigaga-qatysty-zana-malimet-syqty/

pixel