Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаудағы түрме жатақханасының опырылуы: Министр сотталғандардың жағдайын білуге барды

Опубликовано:

Цой палатада
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ақтаудағы түрме жатақханасының опырылуынан зардап шеккен сотталушылардың хәлін сұрады деп жазады ведомствоның ресми Telegram парақшасы.

Министр олардың қазіргі жағдайын сұрап, дәрігерлермен тілдескен соң науқастардың тездетіп сауығып кетуін тіледі.

Ақтаудағы түрме жатақханасының опырылуынан зардап шеккендер уақытылы медициналық көмек көрсету үшін шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, жатқызылған болатын.

Қазіргі таңда жарақат алғандар дәрігерлер бақылауында. Бір науқастың жағдайы тұрақты ауыр күйде, ал қалған үшеуі түрлі деңгейдегі жарақат алған. Медициналық көмек толықтай көрсетіліп жатыр.

Еске салайық, осыған дейін Ақтаудағы ГМ-172/6 мекемесінде сотталғандарға арналған жатақханалардың бірі опырылғанын жазған едік.

Зардап шеккен сегіз адамның төртеуі медициналық тексеруден кейін мекемеге қайтарылған және олардың жағдайы жақсы. Ал көз жұмған сотталғандардың жақын туыстарымен байланыс орнатылып, қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Аталған фактіден кейін Маңғыстау облысының полиция департаменті ҚР ҚК 278-бабының 3 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеуді басталды. Сондай-ақ, арнайы комиссия ҚАЖ мекемесінің аумағындағы барлық ғимараттарға техникалық тексеру жүргізуде. Жағдай ІІМ басшылығының ерекше бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923194-aqtaudagy-turme-zataqxanasynyn-opyryluy-ministr-sottalgandardyn-zagdaiyn-biluge-bardy/

pixel