Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мотоцикл әжесі мен немересін қағып кетті: Баланың жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

Жансақтау бөлімі
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Оңтүстік астанада мотоциклдің қатысуымен болған жол апатынан зардап шеккен баланың жағдайы туралы толық мәліметтер жария болды. Қыз баланың әжесі жол апатынан ауыр жарақат алып, қайтыс болған.

"Еуразия" бірінші арнасының хабарлауынша, жол апатынан кейін зардап шеккен екі адам да бірден жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Кейуана көп ұзамай жансақтау бөлімінде қайтыс болды, ал дәрігерлер баланың өмірі үшін күресті жалғастыруда. Оқиға куәгерлерінің бірі телеарнаға қыздың ауыр жарақат алғанын айтты.

"Ол (бала - ред. ескертпесі) балалар ауруханасында, қазір ота жасалып жатыр. Баланың бетіне қатысты қиындықтар бар, өйткені ол құлаған кезде бетін ұрған болуы керек. Жақ сүйектері сынған, бауыры жарылып кеткен", - деді әйел.

Еске салайық, Алматыда зейнеткер мен оның немересі жантүршігерлік жол апатына түскені туралы бір күн бұрын белгілі болған еді.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 19 шілде күні сағат 22:00-де Бостандық ауданында болған.

"DUKE BLACK маркалы мотоциклдің 1962 жылғы жүргізушісі Сәтбаев көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатып, №4 ғимаратқа қарама-қарсы Республика алаңында белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған екі жаяу жүргіншіні қағып кетті", - дейді Алматы қалалық полиция департаменті анықтау басқармасының басшысы Олжас Шәріпов.

Оның сөзінше, аталмыш факті сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрінде тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923196-almatyda-motocikl-azeni-nemeresimen-birge-qaqty-balanyn-zagdaiy-turaly-belgili-boldy/

pixel