Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузияда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның денесінен туысының ДНҚ ізі табылды

Опубликовано:

Әсел Айтбаева
Фото: Instagram / assel_ayt

Грузияда қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтпаеваның ісі бойынша сараптама нәтижесі белгілі болды. Марқұм бойжеткеннің денесінен туысы Мұрат Мейірбековтің ДНҚ ізі табылған деп хабарлайды Хабар 24.

Айта кетейік, Әсел осы сәуірде жұмысқа орналасу үшін Грузиядағы туысы Мұрат Мейірбековке барған еді. Бойжеткеннің өлімінен соң азаматқа "қызды зорлады" деген сырттай айып тағылған болатын.

Ал Қазақстанда ол "адам саудасымен айналысты" деген күдікпен бірнеше айдан бері түрмеде отыр.

Айтпаевтар адвокатының айтуынша, енді сараптама нәтижесі қолға тиген соң еліміздің құқық қорғау органы оған "қыз зорлады" деген жаңа айып тағуы мүмкін.

Еске салсақ, 5 мамырда Әсел Айтпаева Тбилисидегі үйлердің бірінің терезесі маңынан өлі күйінде табылған болатын.

Кейінірек оның өліміне күдікті ретінде Грузияның 57 жастағы азаматы қамауға алынды. Елдің бас прокуратурасы оған қызды зорлап, өзін-өзі өлтіруге итермеледі деген айып таққан. Егер оның кінәсі дәлелденсе, күдікті алдағы 10 жылын колонияда өткізуі мүмкін еді.

Одан бөлек, желіде марқұм мен күдіктінің арасындағы әңгіменің жазбасы пайда болды. Жазбада ер адамның қызға қоқан-лоққы көрсетіп жатқанын естуге болады.

Дегенмен, күдіктінің қорғаушысы бұл айыптаулармен келіспейтінін айтып, мәлімдеме жасады. Адвокат Лаша Шукакидзенің сөзінше, күдікті марқұммен жақсы қарым-қатынаста болған. Тіпті, ол екеуінің үйленбек болғанын да айтқан.

Одан бөлек, қазақстандық полицейлер Әсел Айтпаеваның ата-анасы бас прокуратураға арыз жазған соң бойжеткенді шетелге жұмысқа шақырған туысы Мұрат Мейірбековті "Адам саудасы" бабымен қамауға алған болатын.

Ал бірнеше күн бұрын БАҚ беттерінде күдікті Бесик Тордуаның өлі күйінде табылғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923200-gruziyada-qaitys-bolgan-asel-aitpaevanyn-denesinen-tuysynyn-dnq-izi-tabyldy/

pixel