Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаскелеңде мопед жүргізушісі жеңіл көлікпен соқтығысып мерт болды

Опубликовано:

Полиция
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қаскелең қаласына кіре берістегі тас жолда кісі өлімі тіркелген жол-көлік оқиғасы болды деп хабарлайды zakon.kz.

Жол апаты 20 шілде күні кешке орын алған.

Zaz Vida көлігі тас жол бойымен шығыс бағытқа қозғалған.

Жүргізушінің айтуынша, қиылысқа жақындаған кезде қарсы бағытта келе жатқан көліктерді жіберіп, бұрылуға әрекет жасаған. Алайда ол Қытайда шығарылған мопедті аңғармай қалыпты.

Осылайша, мопед пен жеңіл көлік соқтығысқан.

Zaz жүргізушісі мопедтегі жігіт дәрігерлер келгенге дейін қолында қайтыс болғанын жеткізді.

Жедел жәрдем бригадасы кісі өлімінің тіркелгенін растады.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қаскелең
Фото: Zakon.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923225-qaskelende-moped-zurgizusisi-zenil-kolikpen-soqtygysyp-mert-boldy/

pixel