Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германиядағы "ғасыр апаты": Су тасқынынан кейін түсірілген суреттер

Опубликовано:

Су тасқыны
Кадр: n-tv телеарнасы

Германияда талай адамның өмірін қиған су тасқынына "ғасырдағы ең ауыр табиғат апаты" деген баға берілген болатын. Табиғат апатынан кейін түсірілген суреттерді БЕЛТА сайты назарға ұсынды.

Қатты дауыл салдарынан Германияның оңтүстік-батыс бөлігіндегі кейбір аудандарда су тасқыны басталған еді. Ең көп зардап шеккен аймақ - Арвайлер округі. Германия билігі Арвайлер округінде болған су тасқынынан ондаған адам көз жұмғанын хабарлады.

Осы орайда n-tv неміс телеарнасы табиғат апатынан кейін түсірілген суреттерді көпшілік назарына ұсынды.

Тасқын
Кадр: n-tv телеарнасы

Округтің ресми сайты ұсынған мәліметке сенсек, шамамен 1300-ге жуық адам жоғалып кеткен.

"Бад-Нойенар-Арвайлер қаласының бір ғана ауданында 1000-нан аса құтқару жұмыстары жүргізілді. Құтқару жұмыстары әлі жалғасуда", - деп жазды округтің ресми сайты.

Тасқын
Кадр: n-tv телеарнасы

Бүтін қалалар, теміржолдар мен көлік жолдарының тас-талқаны шыққан, кем дегенде 158 адам қаза тапты.

Тасқын
Кадр: n-tv телеарнасы

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер бұл апатты "ғасырдағы ең ауыр табиғи апат" деп атады.

Тасқын
Кадр: n-tv телеарнасы

Кобленц полициясы батыстағы Рейн-Пфальц штатында ең көп өлім жағдайы тіркелгенін - барлығы 110 адам қаза тапқанын мәлімдеді.

Тасқын
Кадр: n-tv телеарнасы

Еске салсақ, бұған дейін Батыс Еуропада болған алапат су тасқыны салдарынан кем дегенде 189 адам қаза тауып, жүздеген адам із-түзсіз жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.

Тасқын
Кадр: n-tv телеарнасы

Тасқын
Кадр: n-tv телеарнасы

Тасқын
Кадр: n-tv телеарнасы

Тасқын
Кадр: n-tv телеарнасы

Одан бөлек, Қырғызстанның ауылдық аймақтарында сел жүріп өткенін жазған едік.

Салдарынан алты адам көз жұмып, тасқынға тап болған тағы екі бала іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Көз жұмған алты адамның бір отбасынан екені анықталып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923234-germaniyadagy-gasyr-apaty-su-tasqynynan-keiin-tusirilgen-suretter/

pixel