RU

Тараз тұрғыны Алматыда өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, адамдарды тонаған

Полиция
Фото: Polisia.kz

Тараз қаласының тұрғыны Алматыда өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, өтіп бара жатқан адамдарды тонаған деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым дерегінше, оңай пайда табудың мұндай әдісін Жамбыл облысының 20 жастағы тұрғыны қолданған. Оның мұны бір-екі рет ғана жасамағаны да анықталып отыр.

Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев ер адам бұрын тонау бойынша сотталғанын жеткізді.

Оның сөзінше, бұл жолы қылмыстың әдісі аздап өзгертілген.

"Енді ол өзін полиция қызметкері ретінде көрсетіп, өтіп бара жатқан адамдарды тонады. Шабуыл жасаушы ұсталды. Одан полиция формасы тәркіленді, ол оны еркін нарықта сатып алғаны анықталды.

Ш.есімді ер адамның іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлімі бойынша қаралып жатыр. Күдіктінің Алматы аумағында және Алматы облысының шекаралас аудандарында жасалған басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар- жоғы тексеруде. Қазіргі уақытта ол жасаған бес қылмыстық эпизод анықталды", – деді Дәурен Өтебаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923236-taraz-turgyny-ozin-policiya-qyzmetkeri-retinde-tanystyryp-adamdardy-tonagan/