Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазғандық әйел пойызда босануға мәжбүр болды

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Жезқазғаннан Қарағандыға босануға жіберілген әйел пойызда босануға мәжбүр болды. Нәрестенің дүниеге келуіне жолсеріктер көмектескен деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Жезқазған-Қарағанды ​​пойызының жолсерігі Зәуреш Түсіпова бәрі күтпеген жерден болғанын еске алады.

Әріптесі оған келіп, бір келіншектің босанғалы жатқанын жеткізген. Аяғы ауыр әйел келесі вагонда болған. Ал оның жанында Қарағандыға апара бара жатқан акушер болған.

Сөйтіп жүкті келіншекті тура купенің ішінде босандырып алуға тура келген.

Пойыздың бастығы Бақтияр да қатты уайымдағанын айтады, өйткені ай-күнінен бұрын яғни сегіз айлығында дүниеге келген нәресте өте әлсіз болған және тезірек перзентханаға жеткізуді қажет еткен.

Дегенмен бәрі сәтті аяқталып, қазір кішкентай Данил анасымен бірге дәрігерлердің бақылауында ауруханада жатыр.

Екатерина пойызда уақытынан бұрын босану өзі үшін үлкен стресс болғанын, бірақ адамдардың қол ұшын созғаны күш бергенін атап өтті. Ол қызметкерлерге алғысын білдірді.

"Ұлым өскенде барлығы қалай болғанын айтып беремін. Қазіргі кезде жағдайы қалыпты, өзі дем алады, салмағы артып келеді. Жақында үйге қайтамыз, онда бізді әкесі мен әпкелері асыға күтіп отыр. Қуанышымда шек жоқ!", – дейді Екатерина Феттер.

Еске сала кетейік, дәл осындай жағдай бұған дейін "Сарыағаш-Нұр-Сұлтан" бағытындағы пойызда болған еді.

Кенеттен толғағы басталып кеткен Анастасия Гранкинаны жолаушылар мен жолсеріктер жабылып жүріп босандырып алған. Анастасия жүктіліктің тоғызыншы айында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923270-zezqazgandyq-aiel-poiyzda-bosanuga-mazbur-boldy/

pixel