Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамин Маңғыстау облысында құрғақшылықтан зардап шеккендерге көмектесуді тапсырды

Опубликовано:

Құрғақшылық
Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет басшысы Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлік шаруашылықтарға көмек көрсетуді тапсырды деп хабарлайды премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсы.

Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келіп, онда облыс әкімі Серікбай Трұмовтың өңірдегі мал шаруашылығы саласында қалыптасқан ахуал және құрғақшылықтан зардап шеккен аудандарды жем-шөппен қамтамасыз ету жөніндегі баяндамасын тыңдады.

Асқар Маминге құрғақшылықтан ерекше зардап шеккен Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия аудандарын жем-шөппен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берілді.

Есеп беру барысында Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай секілді көршілес облыстардан шөп жеткізу және өткізу жұмыстары жолға қойылғаны алға тартылды. Мәселен, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ-мен жасалған келісімшарт аясында 1200 тоннадан астам арпа әкелінген. Олар фермерлерге нарықтық бағадан төмен бағамен сатылған.

Сондай-ақ, өңірде мал басын түгендеу бойынша арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр.

Осы орайда, Қазақстан үкіметі Маңғыстау облысында малдың аналық басына арналған азыққа жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге 1,9 млрд теңге бөлгеніне баса назар аударылды.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша фермерлік шаруашылықтарға қолжетімді бағамен көлемі 114,7 мың тонна дайындалған шөпті сатып алу және жеткізу үшін тұрақтандыру қорын қалыптастыруға, сондай-ақ "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ арқылы көлемі 56,3 мың тонна жем-шөп (кебек) сатып алуға қосымша қажетті қаражат бөлінетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923282-mamin-mangystau-oblysynda-qurgaqsylyqtan-zardap-sekkenderge-komektesudi-tapsyrdy/

pixel