Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері елімізде 44 градусқа дейін аптап ыстық күтілуде

Опубликовано:

Жаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 22-24 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде солтүстік пен оңтүстік өңірлерді қоспағанда, елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, батыста-найзағай, екпінді жел, бұршақ, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Осыған қарамастан елімізің солтүстігі мен орталығында 30-38 градусқа дейін, оңтүстікте 37-44 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 33-42 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі.

Тек еліміздің батысында ғана 33-41 градус ыстықтан 25-33 градусқа дейін біртіндеп ауа температурасының төмендеуі байқалады.

Сондай-ақ, 22 шілдеде Алматыда күн күркіреп, ауа температурасы 30-32 градусқа дейін көтеріледі. Түнде 19-21 градус жылы болады.

Ал Нұр-Сұлтан қаласында күн ала бұлтты, дегенмен жауын-шашынсыз болмақ. Күндіз 28-30 градус ыстық болса, түнде сынап бағанасы 12-14 градусты көрсетеді.

Шымкент қаласында да 22 шілдеде күндіз 37-39 градусқа дейін ыстық күтілуде. Түнде ауа температурасы 20-22 градусқа төмендейді.

Айта кетейік, синоптиктер бүгін, 21 шілдеге бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялаған болатын.

Кей жерлерде аптап ыстық күтілсе, енді бір өңірлерді бұрқасын, жел мен бұршақ жаууы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923288-aldagy-kunderi-elimizde-44-gradusqa-deiin-aptap-ystyq-kutilude/

pixel