Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тыңшылық бағдарлама арқылы бақылануы мүмкін адамдар тізімінде Тоқаев, Мамин және Сағынтаев бар болып шықты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Pegasus тыңшылық бағдарламасы арқылы бақылануы мүмкін адамдар тізімінде Қазақстан президенті мен премьер-министрі, сондай-ақ Алматы қаласының әкімі бар. Бұл туралы сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) өзінің ресми сайтында жариялаған тергеудің қорытындысынан белгілі болып отыр.

Қысқаша ақпараттың қорытындысында орталық Бақытжан Сағынтаев туралы қосымша мәліметтер келтірген.

Олардың дерегінше, Алматының қазіргі әкімі тыңшылық бағдарлама назарына 2018 жылы, яғни еліміздің премьер-министрі болып тұрған кезінде іліккен.

The Washington Post басылымының жазуынша, тағы 14 мемлекеттің басшысы бақылауға алынған.

Олардың қатарында Франция президенті Эммануэль Макрон (2017 жылдан бастап Марокконың барлау қызметтері тыңдаған), ОАР президенті Сирил Рамафоса, Ирак президенті Бархам Салех, Марокко каролі Мұхаммед VI, премьер-министрлер (Пәкістан - Имран Хан, Мысыр - Мұстафа Мадбули және Марокко - Саадеддин Османи), сондай-ақ бұрынғы премьер-министрлер (Йемен - Ахмед Обейд бин Дагр, Ливан - Саад Харири, Уганда - Рухакана Ругунда, Франция - Эдуар Филипп, Алжир - Нуреддин Бедуи, Бельгия - Шарль Мишель).

Одан бөлек, The Guardian аталған тізімде ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебреисус пен Мексиканың экс-президенті Фельпе Кальдерон барын хабарлады.

Айта кетсек, жақында ғана БАҚ-та Pegasus бағдарламасын пайдаланып смартфондарды бұзып, бүкіл әлемдегі журналистерге, белсенділер мен саяси көшбасшыларға тыңшылық жасалғаны туралы жарияланған болатын.

Pegasus - бұл әлемдегі мыңдаған адамның ізін аңдитын тыңшылық бағдарлама. Тергеу авторларының мәліметінше, бағдарламалық жасақтаманың 50 мыңнан аса атауы бар.

Көптеген тыңшылық бағдарламадан айырмашылығы, бұл бағдарламалық жасақтама пайдаланушыдан ешқандай әрекетті талап етпейді (мысалы, хабарламада тіркелген файлды ашу т.б.).

Вирус Android, iPhone немесе BlackBerry телефондарына оңай енеді және орнатылғаннан кейін барлық мәліметтерге қол жеткізе алады. Сонымен қатар, камераны немесе микрофонды, геолокацияны қашықтан іске қосады және шифрланған хабарламалардың мазмұнын, соның ішінде Telegram немесе WhatsApp-ты оқиды.

Сонымен бірге, Pegasus телефонға бірнеше қауіпсіздік тетіктері арқылы еніп кете алады. IT мамандарының пікірінше, кейде IMessage немесе SMS арқылы келген хабарламаны ашу жеткілікті: ешқандай сілтемені басу, фишинг немесе қоңыраулар қажет емес.

Бұзу үшін бағдарлама кодтың осалдығын қолданады. Бұл әрдайым құрылғының жадында көрінбейді, қайта жүктеуден кейін хакерлік шабуыл іздері жоғалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923300-tynsylyq-bagdarlama-arqyly-baqylanuy-mumkin-adamdar-tiziminde-toqaev-mamin-zane-sagyntaev-bar-bolyp-syqty/

pixel