Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада бүлдіршін қызға азғындық әрекет жасамақ болған күдікті ұсталған

Опубликовано:

кісен1
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылордада бүлдіршін қызға азғындық әрекет жасамақ болған күдікті ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің мәліметінше, оқиға 20 шілдеде сағат 21.00 шамасында болған. Бектұрғанов көшесі бойындағы көп қабатты үйдің маңында ер адам бүлдіршін қызға азғындық әрекет жасауға тырысқан.

"Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 124-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Кінәлі адам анықталды. Оның іс-әрекетіне қатысты құқықтық баға беріледі. Қылмыстық іс бойынша қажетті сот-сараптамалары тағайындалып, кешенді тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде", - дейді Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомствоның хабарлауынша, Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейді. Қылмыстық іс Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының қатаң бақылауына алынған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Байқоңырда 7 жасар қызды зорлаған азамат өмір бойына сотталғанын жазған едік.

Сотталушы өзінің кәмелет жасқа толмаған көршісін подъезде кездестіріп, үйіне шақырған.

Ер адам қызға доп сыйлауға уәде берген. Ол уақытта үйде азаматтың I топтағы мүдегек анасы болған. Ол ештеңе көрмейді және естімейді.

Жағдайды пайдаланған азамат қызды ас бөлмеге апарып, физикалық күш қолдану арқылы қорлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923345-qyzylordada-buldirsin-qyzga-azgyndyq-areket-zasamaq-bolgan-kudikti-ustaldy/

pixel