Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр мен найзағай: Синоптиктер бейсенбіге ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Жаңбыр
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 22 шілдеге арналған ауа райы болжамын назарға ұсынды.

22 шілде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстың және шығыстың кей жерлерінде бұршақ болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл болады. Солтүстікте және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз, солтүстікте түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ күтіледі.

Жамбыл облысында, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін жетіп, шаңды дауыл болады, Жамбыл облысының таулы адандарында күндіз бұршақ күтіледі.

Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады, облыстың оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі. Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

22-24 шілде аралығында ауа райының тұрақсыз сипаты оңтүстік және солтүстік облыстарды қоспағанда, елдің көп бөлігінде сақталады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, 23 шілдеде шығыста, 23-24 шілдеде батыста найзағай, екпінді жел, бұршақ, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Жауын-шашыннан бөлек, ауа температурасы күндіз солтүстікте және орталықта 30-38 градусқа дейін, оңтүстікте 37-44 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде.

Оңтүстік-шығыста 33-42 градусқа дейін ыстық болады, тек еліміздің батысында ғана 33-41 градустан 25-33 градусқа дейін температураның біртіндеп төмендеуі байқалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923353-zanbyr-men-ekpindi-zel-sinoptikter-aldagy-us-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel