Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде марқұмдарға вакцина салынады деген ақпарат тарады

Опубликовано:

аурухана
Көрнекі фото: pexels.com

Танымал қазақстандық Telegram-чаттардың бірінде елімізде марқұмдарға вакцина салынады деген ақпарат тарады. Алайда бұл хабар шындыққа жанаспайды деп жазады Stopfake.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі көз жұмғандарды COVID-19-ға қарсы міндетті ақылы вакцинациялау туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қайтыс болғандарды вакцинациялау туралы ресми түрде мәлімдеме болған жоқ. Бұл процедура мүлдем мағынасыз. Демек, Қазақстанда ақша талап етіп, марқұмдарға екпе салынатыны туралы қауесет ойдан шығарылған және расталмайды", деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923357-elimizde-marqumdarga-vakcina-salynady-degen-aqparat-tarady/

pixel